Найзағай мен жаңбырлы: 23 мамырда ауа райы болжамы жасалды

Уақыты: 23.05.2023
Оқылды: 885
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Қазгидромет әдеттегідей  23 мамырға арналған ауа райы болжамын ұсынды.  Ел аумағында тұрақсыз ауа райы сақталмақ.  

Нақтырақ айтқанда, атмосфералық фронттардың әсерінен Қазақстан аумағының басым бөлігінде ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады. Осы аралықта кей өңірлерде жаңбыр жауып, найзағай ойнаса, келесі бір аймақтарда өрт қауіпі байқалады.

Алматы облысының оңтүстігінде және таулы аудандарында бұршақ жауады.

Республика бойынша күшті жел, батыста және оңтүстікте – шаңды дауыл соғады.

Павлодар облысының басым бөлігінде, Қарағанды облысының шығысында, Атырау облысының оңтүстігінде, Абай облысының Бесқарағай ауданында төтенше өрт қаупі сақталады.

Фото: ашық дереккөзден