"Жаңбыр жауып, найзағай болады": Бүгінгі ауа райы болжамы

Уақыты: 20.06.2023
Оқылды: 756
Бөлім: КҮНДЕРЕК

"Қазгидромет" РМК метеорологтарының мәліметінше, еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауып, найзағай соғады.

Республиканың олтүстікте, солтүстік-батыста, оңтүстікте және орталықта бұршақ жауып, дауыл тұруы ықтимал. Сондай-ақ, солтүстік-батыста түнгі және таңертеңгі сағаттарда тұман болады деп болжанған. Республиканың басым бөлігінде жел күшейіп, оңтүстігінде және оңтүстік-батысында шаңды дауыл тұрады.

Синоптиктер күндіз Жамбыл, Алматы, Павлодар, Шығыс Қазақстан, Абай, Жетісу облыстарының басым бөлігінде, Қарағанды облыстарының оңтүстігінде қатты ыстық сақталады деп болжады.

Бүгін еліміздің үш ірі қаласында да жаңбыр жауады. Соған қарамастан күн ыстық болады. Мәселен, Астанада күндіз +29...+31 градус ыстық болса, Алматыда ауа температурасы +33... +35 градусқа дейін көтеріледі. Ал Шымкентте +35...+37 градус ыстық.

Сонымен қатар Түркістан, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан облыстарында, Абай, Жетісу облыстарында, солтүстігінде, Алматы облысының орталығында, Солтүстік Қазақстанның шығысында, Павлодар облысының солтүстігінде, батысында, Атыраудың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде, Ұлытау облысының оңтүстігі мен орталығында, Қарағанды облысының оңтүстігінде, Қостанай облысының оңтүстік жартысында, Ақтөбе облысының оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында, Ақмола облысының оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Сондай-ақ, Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, шығысында, орталығында жоғары өрт қаупі бар.

Сурет ғаламтордан алынды