Түнде үсік жүреді – Қазгидромет

Уақыты: 29.04.2024
Оқылды: 238
Бөлім: КҮНДЕРЕК

«Қазгидромет» РМК баспасөз хатшысы Алина Исмагулова 29 сәуірге арналған ауа райы болжамын ұсынды.

«Атмосфералық фронталды бөліктердің ықпалымен еліміздің басым бөлігінде күн құбылмалы болады, найзағай ойнап, жаңбыр жауады, оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында жаңбыр мен қар жауады. Тек еліміздің оңтүстік-батысына, солтүстік-батысында, орталығына антициклон жотасы әсерінен күн жауын-шашынсыз болады», - деді спикер Орталық коммуникациялар қызметінде.

Республика бойынша жел күшейіп, елдің батысы мен солтүстігінде бұршақ жауады, оңтүстік-батысы мен оңтүстігінде дауыл, шаңды дауыл тұрады, оңтүстік-шығысында тұман түседі.

«Түнде Жамбыл облысының шығысында, таулы аудандарында 2 градус үсік жүреді. Маңғыстау облысының басым бөлігінде, Қызылорда облысының орталығында, оңтүстігінде, Түркістан облысының солтүстігінде, Атырау облысының оңтүстігінде, Жетісу облысының солтүстігінде, Абай, Қарағанды облыстарының оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады», - деді А. Исмагулова.

Фото: pixabay.com