Дихандарға жаңа техника қажет – Үкімет басшысы

Уақыты: 01.08.2023
Оқылды: 759
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Елімізде ауыл шаруашылығы техникасы паркінің тозуы 76 пайызға жетіп отыр. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында Премьер-Министр Әлихан Смайылов айтты, деп хабарлайды.

«Сонымен қатар ауыл шаруашылығындағы машина жасау саласына тоқталғым келеді. Қазіргі уақытта еліміздің ауыл шаруашылығы техникасы паркінің тозу деңгейі шамамен 76 пайызға жетіп отыр. Былтыр отандық кәсіпорындар 15 мыңнан астам ауыл шаруашылығы техникасын жасап шығарды. Бірақ бұл жеткіліксіз. Дихандарға жаңа техника қажет. Сондықтан, өндіріс қарқынын арттыру керек. Ол үшін бізде барлық қажетті құралдар мен мүмкіндіктер бар», - деді Үкімет басшысы.

Премьер-Министр өнеркәсіптік кооперация мәселелерін ерекше атап өтті.

«Бүгінгі таңда бізде General Motors, Alstom, General Electric, Daewoo Bus, Hyundai және басқа да әлемдік жетекші компаниялармен бірлескен кәсіпорындар табысты жұмыс істеуде. 2020 жылы Қарағанды облысының Сарань қаласында іске қосылған техника мен автобустар шығаратын зауыт өнеркәсіптік кооперацияның жақсы мысалы болып табылады. Оның қуаты – жылына 1200 көлік құралы. Кәсіпорынға 12 млрд теңге инвестиция салынды. Толық қуатында жұмыс істеген соң онда 1000-ға жуық адам еңбек ететін болады. Бұл жұмысты жалғастыру керек», - деді Әлихан Смайылов.

ҚазАқпарат

Фото: көрнекілікке алынды