Халықты көмірмен қамтамасыз етуде қиындық жоқ

Уақыты: 06.10.2023
Оқылды: 651
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Алматы жүк тасымалдау бөлімшесінің теміржолшылары өңірлердің қатты отынмен қамтамасыз етілуін тексеру үшін Алматы және Жетісу облыстарының көмір тұйықтарына барды, деп хабарлайды 7-su.kz желілік басылымы.

Өңірлерде жылыту маусымына дайындық жоспарлы режимде жүріп жатыр. Көмір тұйықтары мен базаларында отын үшін кезек жоқ.

Алдағы жылыту маусымына Алматы қаласы, Алматы және Жетісу облыстарының тұрғындары үшін көмір қажеттілігі 1, 2 млн тоннаны құрайды. Қазірдің өзінде 526,3 мың тонна жеткізілді. Тұйықтар мен қоймаларда көмірдің қажетті қоры бар.

Теміржолшылар әкімдіктермен тығыз байланыста жұмыс істей отырып, нақты уақыт режимінде вагондардың жүру маршруттарын қадағалайды, көмір жеткізу жоспарларын, қоймалар мен тұйықтардағы қатты отын қорларын бақылайды.

Дереккөз: rail-news.kz