Шавкат шекарашылармен кездесті

Уақыты: 05.01.2024
Оқылды: 656
Бөлім: КҮНДЕРЕК

М1 Global белбеу иегері, UFC жауынгері Шавкат Рахмонов шекара сақшыларымен кездесті.

Шавкат Бақтыбайұлы ҚР ҰҚК ШҚ Жетісу облысы бойынша департаментіне қарасты Алакөл ауданындағы  шекара басқармасына арнайы ат басын бұрды. Кездесу барысында жекпе-жектің оғланы аталған батырымыз шекарашыларға өзінің спортқа қалай келгені туралы айтып берді. Сонымен қатар, шекарашылардың Отан қорғау ісіндегі маңыздылығын кеңінен тарқатты.  

Кездесу соңында атақты спортшы жауынгерлерге жылы лебізін білдіріп, ел шетіне сызат түсірмей атқарып жүрген қасиетті қызметтеріне табыс тіледі.

Өз кезегінде шекара басқармасының бастығы полковник И.Кирянов Шавкат Рахмоновқа жеке құрам атынан ізгі тілегін білдіріп, жеңіс тұғырынан көріне беруіне тілектестігін жеткізді.

ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті