Мемлекет басшысының сұхбаты талқыланды

Уақыты: 09.01.2024
Оқылды: 488
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің  профессор-оқытушылары Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Біз озық ойлы ұлт ретінде тек қана алға қарауымыз керек» атты сұхбатын талқылады. Жиынға университеттің қызметкерлері, оқытушы-профессорлық құрамы, Бақ өкілдері қатысты. Отырысты І.  Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің Басқарма мүшесі – жастар саясаты жөніндегі проректор, з.ғ.к., профессор  Болат Сериев жүргізді.

Жиында психология ғылымдарының докторы, профессор Хапиза Наубаева, филология ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Сайлау Қожағұлов, тарих ғылымдарының кандидаты оқытушы-лектор Салтанат  Тыныстанова, философия ғылымдарының кандидаты, аға оқытушы Амангелді Катенов, университеттің құрметті профессоры Болат Молдабеков  өз ойларын  ортаға салды.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың  «Егемен Қазақстан» газетіне берген салиқалы да көлемді сұхбатын бәріміз оқыдық. Бұл өткенге әділ баға беріп, елдің алдында тұрған маңызды міндеттерді межелейтін, мемлекет басшысының қоғаммен ашық диалогы деп ұқтық. Онда Қасым-Жомарт Кемелұлы  еліміз негізгі саяси реформаларды аяқтағанын, Конституциялық Сот жұмысы,  Мәжіліс және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттары жаңа ереже бойынша сайланатынын, былтыр 700-ге жуық ауыл әкімі сайланғанын айтты. Ауыл және аудандық маңызы бар қала әкімдерін сайлау жалғасатындығын жеткізді. Бұл әділетті Қазақстан құрудың алғышарты.   

«Медицина қыз­мет­керлерінің, мектепте, колледж­де және балабақшада жұмыс істейтін педагогтердің жалақысы өсті. Ұлттық қордан балаларға қаржы беру мәселесін реттейтін заң күшіне енді. Негізгі экономикалық көрсеткіштерді, оның ішінде инфляция деңгейін ескере отырып ең төменгі жалақыны анықтайтын әдістеме қабылданды»  – деп әлеуметтік мәселені алға тартқан  сөзінде үлкен мән жатыр. Мемлекет басшысы әр жолдау, әр сұқбатында  білім мен ғылымды, педагогтердің әлеуметтік мәселесін назардан тыс қалдырмайтындығын аңғаруға болады - деді проректор.

Тарих ғылымдарының кандидаты Салтанат Тыныстанова сұқбатта сөз болған  Конституциялық сот туралы пікір білдірді.  

«Конституциялық сот – ел азаматтарының конституциялық құқықтарының қорғалуының кепілі әрі Ата заңымыздың ережелерінің мүлтіксіз орындалуын қадағалайтын орган. Консти­ту­ция­лық соттың қайта қалпына келтірілуі аса қажетті бастама.  Бұл – әділетті Қа­зақ­­станды құру кезеңін­де құ­қық­тық мемлекетті қалып­тас­ты­ру жо­­лын­дағы нық қадам» – деді тарихшы ұстаз. Ол сондай-ақ, Сот пен кеңестің айырмашылығын айтып,  құзіреттілігін түсінідіріп берді.

«Бұл  кең көлемді сұқбатта барлық сала қамтылған. Еліміздің сыртқы саясатындағы көршілес елдермен  қарым-қатынастың маңыздылығы айтылған. Мәселен, Қазақстанның бірнеше беделді халықаралық ұйымдарға төрағалық ететіндігі қуантады. Тәуелсіз Қазақстанның сыртқы саясаттағы рөлі әрқайысымыз үшін маңызды  -  деді Сайлау Қожағұлов.

Әйгерім ИЕБЕКОВА