Қар, көктайғақ, тұман: 12 қаңтарда құбылмалы ауа райы сақталады

Уақыты: 12.01.2024
Оқылды: 474
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Қазгидромет синоптиктері 12 қаңтар, жұмаға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды 7-su.kz желілік басылымы.

Қазақстан аумағының басым бөлігінде атмосфералық фронттардың әсерінен ауа райының тұрақсыз, құбылмалы сипаты сақталады.

Жауын-шашын (көбіне қар) жауады. 

Ел бойынша тұман түседі, көктайғақ, бұрқасын, екпінді жел болжанады.

Фото: Pixabay