Ұлттық спорт күні

Уақыты: 20.03.2024
Оқылды: 370
Бөлім: КҮНДЕРЕК

20 наурыз - Ұлттық спорт күні.

Ата-бабаларымыз көшпенді өмір салтында ат үстіндегі сарбаздардың әрдайым дайындығын үстеп, шеберлігін шыңдап, ептілігін еселеп отырған.  Жауынгерлік әдіс-тәсілді бейбіт кещезеңде ұлттық ойын ретінде үздіксіз дамытқан. Мәселен, көкпар, аударыспақ, теңге ілу, садақ ату (жамбы ату), бәйге түрлері осындай ойындарға жатады. Сол сияқты ақыл-ойдың, интеллектуалдық деңгейді көтеруге бағытталған тоғызқұмалақ, құсбегілік, атбегілік сияқты ұлттық спорттық ойындарымыз бар.

Осы күні ұлттық спорттық ойындар ұйымдастырылады.