Бейбіт Исабаев Сарқан ауданының тұрғындарымен кездеседі

Уақыты: 28.03.2024
Оқылды: 308
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Құрметті Сарқан ауданының тұрғындары!
 
Жетісу облысының әкімі Бейбіт Өксікбайұлы Исабаев 2024 жылғы 11 сәуірде сағат 10.00-де аудандық Мәдениет үйінде аудан азаматтарын жеке мәселелері бойынша қабылдайды.
 
Сондай-ақ сағат 11.00-де өңір басшысы аудандық Мәдениет үйінде аудан тұрғындарымен кездесу өткізеді.
 
Мекенжайы: Сарқан қаласы, Чепрасов көшесі, 18.

Облыс әкімінің халықпен кездесуінің тікелей көрсетілімі облыс әкімдігінің және аудан әкімдігнің «Инстаграм» әлеуметтік желісіндегі «jetisu_akimdigi» парақшасында https://instagram.com/jetisu_akimdigi?igshid=YmMyMTA2M2Y= сілтемесі бойынша және Сарқан ауданы әкімдігінің «Instagram» әлеуметтік желісіндегі «sarkan_press» парақшасында https://www.instagram.com/sarkan_press/?igsh=MWhvZTd3ejcxaXVpNg%3D%3D сілтемесі бойынша жүргізіледі.