ТЕКЕЛІДЕ "8" САНЫМЕН ӨРІЛГЕН ТОҒАЙ БАР

Уақыты: 25.05.2019
Оқылды: 2452
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Бұл шедеврді кезінде кеншілер қауымы қалдырып кеткен. Текелі қаласына қарасты Рудничный ауылында, Жетісу Алатауының күнгейінде, Көксу өзенінің жағасынан сәл жоғарыдағы тау бөктерінде тоғаймен өрілген "8" санын (суретте) көріп тұрсыздар ма?

Кеншілер 8 наурыз нәзік жандар мерекесіне арнап көшеттер отырғызған. Уақыт өте қалың тоғайға айналды. Бірақ кейбір жерін отынға алды ма, қараусыз қурап қалды ма, тұтас емес.

Екі жыл болды, "Жасыл елдің" жігіттеріне айтып келемін. "Қолға алып, көшетін егіп, әдемілеп қойсаңдаршы", - деймін. Бірақ тыңдамады. Бәлкім, Бақтияр аға (Бақтияр ӨНЕРБАЕВ - Текелі қаласының әкімі), өзіңіз қолға аларсыз? Жастар жылына тағы бір тарту болсын.

Қыздарымыз мерекеде қуанып, жастарымыз сейіл құрып, ауыл халқы тынығатын жер ғой. Көксу өзеніне рафтингке келетін шетелдіктердің де таңдай қағар орны болар еді. Күзде сары жапыраққа бөленгенде де ерекше сұлу көрінеді. Әмбе "8" шексіздіктің, мәңгіліктің белгісі ғой.

Қуаныш СЕРІКҚАНОВ,

журналист

"Facebook" парақшасынан алынды