СҮЙІНШІ, ХАЛАЙЫҚ! ЕСКЕЛДІ АУДАНЫНДА 33 ЖАСТАҒЫ ӘЙЕЛ ҮШЕМ БОСАНДЫ

Уақыты: 30.04.2020
Оқылды: 1066
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Ескелді ауданына қарасты Алдабергенов ауылдық округінің тұрғыны, 33 жастағы ана үш ұлды дүниеге әкелді.

Қазіргі таңда дәрігерлер балаларға ерекше күтім жасап жатыр. Үшем туған ана жайлы айта кетсек, Маржан Иманғабулова мектепте ағылшын тілінен сабақ береді. Бұл отбасының бұрыннан 2 баласы бар. Бір күн ішінде Маржан Мәуленқызы көпбалалы ана атанды.

Әзірге үшем мен олардың анасы перзентханадан қашан шығатыны белгіленген жоқ. Көпбалалы ана және сәбилер дәрігерлердің бақылауында.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"

Ескелді ауданы

Алматы облысы

Сурет ғаламтордан алынды