"ЭКСПОРТҚА ДА ШЫҒАДЫ": ҚАЗАҚСТАНДА ВИРУСТЫ ЖОЙЫП ЖІБЕРЕТІН БЕТПЕРДЕ ТІГІЛДІ

Уақыты: 11.08.2020
Оқылды: 1088
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Елімізде ультрадыбыстық бетперде шығарыла бастады. Бұл туралы "Хабар 24" арнасы көрсетті.

Израиль технологиясымен жасалатын ерекше бетперде вирус пен бактериядан қорғап қана қоймай, оларды жойып жібереді. Оны ойлап тапқан ғалымдардың мәлімдеуінше, медициналық бетпердені бір жыл бойы қолдануға болады. Өндіріс қарқын алғаннан кейін бетпердені ТМД елдері мен Оңтүстік-Шығыс Азия мемлекеттеріне экспортқа шығару жоспары бар. Осы мақсатта өндірушілер 140 миллион теңге инвестиция тартқан. Жоғары технологиялық қорғаныш құралының нақты бағасы әлі бекітілген жоқ.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"

Сурет - ғаламтордан