ҚАР ТОҚТАДЫ: АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА БАРЛЫҚ БАҒЫТТАҒЫ ЖОЛДАР АШЫҚ

Уақыты: 15.03.2021
Оқылды: 1664
Бөлім: ЭКОНОМИКА

Алматы облысында ауа райының нашарлауына байланысты бірнеше бағытта жабылған маңызды автожолдар қайта ашылды. Бұл туралы "Жетісу" газеті хабарлады.

Атап айтқанда, қалың қар мен бұрқасынның салдарынан "Алматы-Өскемен" трассасынан Қапал-Арасанға баратын (0-45 шақырым), Қапал-Арасаннан Көктөбе ауылына дейінгі (0-16 шақырым), Сарыөзек - Алтынемел - Қоғалы - Қарабұлақ және Үшарал-Достық бағытындағы жолдар жабылды. Сондай-ақ, Талдықорғаннан Үшарал қаласына (287-588 шақырым) дейінгі республикалық маңызы бар жолда қозғалыс шектелген еді.

Алматы облыстық төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, қазіргі таңда барлық бағыттағы жолдар ашық.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"