АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ САЛЫҚ МЕКЕМЕСІНЕ ЖАҢА БАСШЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Уақыты: 05.03.2022
Оқылды: 1357
Бөлім: ЭКОНОМИКА

Алматы облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті басшылығына Талғат Қозбеков тағайындалды.

Талғат Жапарханұлы Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін «экономист-маркетолог» және әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін «заңгер» мамандықтары бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1999 жылы Панфилов ауданы бойынша салық комитетінің салық аудиті бөлімінде салық инспекторы лауазымынан бастаған. Әр жылдары бөлім басшысы, басқарма басшысының орынбасары, Панфилов ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы лауазымдарын атқарды.

2020 жылдан бастап бүгінге дейін Атырау облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары лауазымында қызмет етті.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"