Көксу ауданында ауыл шаруашылығы алқаптары 534 720 гектарды құрайды

Уақыты: 17.10.2023
Оқылды: 855
Бөлім: ЭКОНОМИКА

Көксу ауданында ауыл шаруашылығы алқаптары 534 720 гектарды құрайды. Оның ішінде 17 234 гектар суармалы егістік, 7 975 гектар тәлімі егістік, 122 гектар көпжылдық шөптер, 524 гектар жайылымдық жер.

Ауданда 1961 шаруа қожалығы нәтижелі жұмыс істеп келеді. Оның 1665-і өсімдік шаруашылығымен, 296-сы мал шаруашылығымен айналысады. Аудан бойынша ауылшаруашылығының егіс көлемі 31710 гектар. Оның ішінде суармалы егістік 19495 гектар болса, тәлімі  егістік 12215 гектар. Ауылшаруашылығы саласында атқарылған жұмыстың 10 айлық өнім көлемі 16 миллиард 93 миллион теңгені құрады.

Биыл 2510 гектар жерге күздік, 11 461 гектар жерге жаздық дәнді дақылдар егілді.  Оның ішінде жаздық бидай – 1096, жаздық арпа – 5224, дәнді жүгері – 5141 гектар. Сонымен қатар, майлы дақылдардан күнбағыс  100, соя  8000, мақсары  264 гектар жерге өсірілді. Ал картоп, көкөніс, бақша дақылдары 2176 гектар болса, 1881 гектар жерге қант қызылшасы егілді. Мал азықтық дақылдар 5318 гектар. Оның 125 гектары сүрлемік жүгері, 1249 гектар бір жылдық, ал 3944 гектары көпжылдық шөп. 

Қазіргі таңда ауылшаруашылығы дақылдарын жинау жұмыстары жүйелі түрде жүргізілуде. Күні бүгінге дейін  2510 гектар күздік егіс алқаптарынан 4323 тонна өнім алынып, орташа өнімділік гектарына 17,2 центнерді көрсетті. Жаздық дәнді дақылдардың шығымдылығы 11962 тонна. Бақша дақылдарының 140 гектары жиналып, 2861 тонна өнім өндірілді. Алма 1515, картоп 19783, көкөніс 25522, мал азықтық дақылдары 112 мың тонна жиналды. Аудан бойынша 575 гектар қант қызылшасы жиналып, 21114 тонна өнім алынды. Гектарына орташа өнімділік 367 центнерді көрсетуде.

Еңлік КЕНЕБАЙ
Көксу ауданы