Қазан айында екінші деңгейлі баспаналардың бағасы сәл арзандаған

Уақыты: 30.10.2023
Оқылды: 736
Бөлім: ЭКОНОМИКА

Қазан айында ел ішіндегі 17 өңірдің 11-інде, екінші деңгейлі баспаналардың бағасы сәл арзандаған, деп жазды  qazaqstan.tv.

Қазір жалпы бір шаршы метрінің орташа бағасы 369 мың теңге. Ең қымбат пәтер – Алматыда. Мегополисте шаршы метрі 707 мың теңгеден есептеледі.

Астанада 473 мың, Шымкентте 419 мың, Атырауда – 386 мың, Өскеменде – 380 мыңнан. Ал ең арзан пәтерлер - Қызылорда мен Ақтөбе қалаларында. Осылайша, Алматыдан бір бөлмелі баспананы орташа есеппен 24 млн теңгеге, ал Астанадан 17,7 млн теңгеге алуға болады.

Фото: көрнекілікке алынды