Инфляция өте қауіпті – Ұлттық банк басшысы Қазақстан экономикасы жайлы

Уақыты: 15.11.2023
Оқылды: 642
Бөлім: ЭКОНОМИКА

Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов Қазақстандағы экономиканың жай-күйі жайлы айтып берді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Қазақстан экономикасы

Тимур Сүлейменов “кез келген мемлекеттің мақсаты – экономикалық өсім, табысты арттыру” екенін атап өтті.

– Ал Ұлттық банк баға тұрақтылығына жауап береді. Бірақ бұл жерде біз қазір қайда екенімізді, қазіргі уақытта қандай экономикалық цикл жүріп жатқанын түсінуіміз керек, – деді ол Қазақстан қаржыгерлерінің XI конгресі барысында.

Ұлттық банк басшысының айтуынша, Қазақстан экономикасы "жоғары қарқынмен дамып келеді".

– Жылына 5-7%. Бұл аймақтағы ең үлкен пайыз. Сондай – ақ жаһандық өсім бойынша бұл ауқымды көрсеткіш, – деді ол.

Инфляция

– Бірақ бізде инфляция тағы екі таңбалы - 10,8%. Бұл адамдарға да, бизнеске де қатты әсер етеді. Инфляция – бұл өте маңызды және өте қауіпті, - деп атап өтті Сүлейменов.

Ұлттық банк басшысының айтуынша, "экономикалық өсім әрдайым қоғамның барлық қатысушыларына пайда әкелмейді".

– Мемлекет инклюзивтіліктің болуын қамтамасыз етуі керек. Ал инфляция бұған жол бермейді, өйткені инфляция бәріне әсер етеді. Ол кедейлерге қатты соққы береді. Менің ойымша, біз инфляцияны басқарып, оны бақылауға алуымыз керек. Бұл біз үшін бірінші міндет. Біз онымен күресуге тырысамыз, әріптестерімізбен бірге жұмыс істейміз. Үкіметтегі әріптестерімен де. Жыл соңына дейін инфляцияны бір санға дейін төмендетуге тырысамыз, - деді ол.

Коллаж: ulysmedia.kz.