Шетелдік инвестор қазақстандық банктің толық үлесін сатып алады

Уақыты: 04.04.2024
Оқылды: 252
Бөлім: ЭКОНОМИКА

"Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі (ҰБХ) қазақстандық Bereke Bank-ті шетелдік инвесторға сату туралы келіссөз жүргізіп жатыр.


Холдинг Tengrinews.kz редакциясының ресми сауалына берген жауабында, қазір әлеуетті инвестормен Bereke Bank акцияларының 100 пайызын сату бойынша келіссөз жүріп жатқанын айтты.

"Келіссөздің бастапқы кезеңінде тараптар ақпаратты жарияламау міндеттемелерін көздейтін келісімге қол қойды. Осыған байланысты холдингке қатысты жауапкершілік шаралары қолданылмас үшін оның үшінші тарапқа келіссөз барысы және мәміленің шарттары, оның ішінде құны мен шарттары туралы кез келген ақпаратты беруге құқығы жоқ", - деп хабарлады "Бәйтерек".

Әлеуетті инвестор Bereke Bank-ті қаншаға бағалады деген сұраққа холдинг жауап бермеді. Мәміле қашан жасалатыны да белгісіз.