ЖАҚСЫ ЖҰМЫС ЖАНҒА ТЫНЫС

Уақыты: 11.08.2016
Оқылды: 2158
Бөлім: ЭКОНОМИКА

Алакөл ауданына «Айтуға оңай» бағдарламасының жүргізушісі, журналист Бейсен Құранбек келіп, «Жақсы жұмысқа орналасудың қыр-сыры» тақырыбында жастармен шеберлік сыныбын өткізді. Аталмыш семинарға  жұмыс іздеп жүрген жастар қатысты. Мұнда бүгінгі күнгі жұмыссыздық мәселесі, сондай-ақ жақсы жұмысқа орналасудың қыр-сыры туралы Бейсен Құранбек өзінің ойымен бөліссе, ал жастар көкейлерінде жүрген сауалдарын қойып, оған дәлелмен жауап берілді. Өмірдегі болып жатқан көптеген мәселелерден нақты мысалдар келтіріп түсіндіруі мен тақырып төңірегіндегі ойлары бәрімізді толғандырды.

 

Танымал журналистің сөзі­нен өзіме түйгенім көп. «Ел боламын десең, бесігіңді түзе» демекші, бүгінгі жақсы жұмыс – жақсы тұрмыстың кепілі. Оның тамыры ең әуелі мамандық таң­дау­дан басталмақ. Көп жастар тек мем­лекеттік грантқа түсуді ғана ойлайды. Ал шын мәнінде өзінің қызығатын мамандығына түсе бермейді. Төрт жыл табан аудар­май қызықпайтын оқуды оқып, бекер босқа уақытын өт­кізу­ден ең үлкен ағаттық бастау алып жатады. Адам өзі қызық­пайтын кәсібінен ләззат алып, бақытты болмайды. Қорытып айтқанда, өз бойыңыздағы қабі­летіңіз бен қызығушылық сезі­міңізді шынайы ұштастыра біл­ме­сеңіз жақсы жұмысқа орна­ласып, табысқа жете алуыңыз­дың неғайбыл еке­нін аңғар­ғаныңыз дұрыс. Сондай-ақ, әрбір адам өзіне немқұрайды қарау­дан, өзін төмен бағалаудан, қорқы­ныш, үрей шеңберінен шыға алма­са, жалқаулық, кертартпалық, ұйқы­шылдықты өзіне серік етсе, оның ертеңі де бұлыңғыр.

Қолдағы бар байлықтың қаді­рін біліп, уақытпен жарысып жұмыс жасаңыз. Мейрім, сүйіспеншілік, білім, еңбек, иманды өзіңізге арқау ете білсеңіз, алынбайтын қамал болмас, сірә. Елім деп еміреніп, тілім деп тебіреніп, ұлттық рухың мен жігеріңді жалындатып жалық­пай еңбек ету шын бақытқа жете­лейді. Ол үшін ең әуелі өз-өзіңе жауап бер. Елбасымыз айтпақшы, мен елден не алам деп емес, мен елге не берем» деген ұлы идеяны алға ұстар ұран етуіңіз тиіс. Баба­лар аманатын арқалап, ұлы кемең­герлеріміздің керемет сөздерін жанымызға сақтап, ұлағатты ұрпақ тәрбиелей алсақ болашағымыз нұрлы, тәуелсіздігіміз тұғырлы.

 

Нүсіпқан ҚАДЫРСҰЛТАН.

Алакөл ауданы.