"БАҒАСЫ АРЗАН": ТАЛДЫҚОРҒАНДА КӨПТЕН САҒЫНДЫРҒАН ЖӘРМЕҢКЕ ӨТЕДІ

Уақыты: 29.10.2020
Оқылды: 1025
Бөлім: ЭКОНОМИКА

Сенбі, 31 қазан күні Талдықорған қаласында Алматы облысы ауылшаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтеді. Жәрмеңкеде Алматы облысының 17 ауданы мен 3 қаласының агроөнімдері қойылады.

Жәрмеңке Қадырғали Жалайыр даңғылы мен Қонаев көшесінің қиылысындағы "Жастар" спорт кешенінің алдында өткізілетінін хабарлаймыз.

Құрметті Талдықорған қаласының және жақын маңдағы аудан тұрғындары! Сіздерді Алматы облысының ауылшаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесіне шақырамыз. Жәрмеңкеде облыстың ауылшаруашылығы тауар өндірушілері шығаратын өнімнің 60-тан астам түрі арзан бағада ұсынылады. Басталуы сағат 8:00-де.

Айта кетейік, жәрмеңке Алматы облысының әкімі А.Баталовтың тапсырмасы бойынша ұйымдастырылып отыр.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"

Сурет - ғаламтордан