Тоқаев: "Табысты осы жерден тауып, шетелде шашу" әдетінен арылу керек"

Уақыты: 19.04.2023
Оқылды: 1010
Бөлім: САЯСАТ

Бұл туралы ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында айтты, деп хабарлайды 7-su.kz желілік басылымы.

"Мемлекеттің қолдауына ие болып отырған ірі бизнес өкілдері айрықша рөл атқарады. "Табысты осы жерден тауып, шетелде шашу" әдетінен арылу керек. Есесіне, елдегі әлеуметтік мәселелерді шешуге көбірек үлес қосуға ұмтылған жөн”, – дейді президент.

Сонымен қатар, Тоқаев кәсіпкерлікті дамытуда мемлекетке ресурсына арқа сүйемейтін "тың күштер" қажет екенін айтады.

“Жұмысын осы талапқа бейімдей алған ірі кәсіпкерлер нағыз ұлттық бизнес-элитаға айналады. Халықтың құрметіне бөленіп, мемлекеттің қорғауы мен қолдауына ие болады. Сонымен қатар, бізге "кәсіпкерлердің жаңа толқыны" керек. Мемлекеттің ресурсына арқа сүйемей, бойындағы дарыны мен іскерлігі арқылы тұрақты әрі мықты кәсіп құра білген "тың күштер" қажет", – дейді мемлекет басшысы.

Фото: Ақорда

"ЖЕТІСУ" АҚПАРАТ