Алматы облысының қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық газеті

"NUR OTANDA" ТАЛДЫҚОРҒАН ҚАЛАСЫН АБАТТАНДЫРУ МӘСЕЛЕСІ ҚАРАЛДЫ

Уақыты: 15.11.2021
Оқылды: 818

«Nur Otan» партиясы жанындағы өңірді дамыту жөніндегі Алматы облыстық қоғамдық кеңесінің отырысы өтті. Жиынға өңірді дамыту жөніндегі облыстық қоғамдық кеңес мүшелері, аумақтық қоғамдық кеңестерінің төрағалары мен құзырлы мемлекеттік органдарының басшылары қатысты.

Отырыста Талдықорған қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің басшысы Нұрым Әлиұлы, Талдықорған қалалық тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы Айдос Жақыпбек, Талдықорған қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Қанат Хамитжановтың есебі тыңдалды.

Басқосуда барысында Талдықорған қаласы аумағындағы абаттандыру жұмысы қаралып, ағаш отырғызу жоспары талқыланды. Сондай-ақ, пәтер иелері кооперативінің қызметі, проблемалық нысандар бойынша сұрақтар қаралды. Оның ішінде жаяу жүргіншілер өткелдері, жол құрылысы секілді маңызды мәселелер сөз болды.

Күн тәртібіндегі барлық мәселелер жан-жақты қаралды. Баяндамашылар мен отырысқа қатысшылардың пікірлері мен ұсыныстары ескеріліп, тиісті ұсынымдар қабылданды. Хаттама жасалып, оның негізінде құзыретті мемлекеттік органдарға тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелерін бақылау жүргізу үшін облыстық партия филиалы тарапынан ресми хаттар жолданды.

«ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ»