Белсенділер марапатталды

Уақыты: 29.08.2018
Оқылды: 1389
Бөлім: МІНБЕР

«Нұр Отан» партиясы облыстық филиалының мәжіліс залында «Айбары асқақ – Ата Заң» атты салтанатты  жиын өтті. Конституция күніне арналған шараға басқарма басшылары, облыстық, аудандық, қалалық мәслихат депутаттары, жастар ресурстық орталығының және үкіметтік емес ұйымдардың жетекшілері қатысты. 

Мерейлі мерекеге орай ыстық ықыласын білдірген «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы төрағасының орынбасары Серік Нұрқадыров:
– Мемлекеттегі құнды құжаттар адамгершілікке негізделген. Солардың бірегейі саналатын Конституция демократиялық  дамудың даңғыл жолына үндейді. Қазіргі таңда барлық мәселелер біртұтас мемлекеттік билік тармақтарының өзара ықпалдастығы туралы қатаң конституциялық қағидаттар негізінде шешіледі, – дей келе, елдің ең қымбат қазынасы адам және оның өмірі, бостандығы жайлы айтып, Ата Заңның тарихына тоқталды. Сондай-ақ, басқосуға қатысушыларды Конституция күнімен құттықтап, мықты денсаулық, бейбіт тұрмыс, мызғымас тұрақтылық тіледі. Ал облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ермек Келемсейіт және «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қоғамдық кеңесінің төрағасы Серік Мұқанов, облыстық әділет департаментінің бөлім басшысы Дархан Бекетов жүрекжарды лебіздерін жеткізді.  
Әрмен қарай партия белсенділері, заң және құқық қорғау саласының азаматтары Алғыс хатпен марапатталып, сый-сияпатқа ие болды. Конституция күніне «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалында 10 адам партия билетін алса, өңір бойынша партия қатарына 70-ке жуық адам қабылданды. Салтанатты шара концерттік бағдарламамен түйінделді.

Мәулен Әнербай