СПОРТШЫЛАРҒА ТОҚАЕВТЫҢ ТҰҒЫРНАМАСЫ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

Уақыты: 22.05.2019
Оқылды: 1902
Бөлім: МІНБЕР

Талдықорғандағы «Nur Otan» партиясының облыстық филиалы ғимаратында Президенттікке кандидат Қасым-Жомарт ТОҚАЕВТЫҢ өңірдегі қоғамдық штаб мүшелері паралимпиадашыларымен кездесті.

Жиынға «Nur Otan»  партиясы облыстық филиалы төрағасының орынбасары Ғалиасқар Сарыбаев, сондай-ақ, Президенттікке кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевтың сенімді өкілдері Аян Айтжанов, Ермек Келемсейіт және Аманғазы Шегіров қатысты.

Алғашқы болып сөз алған Ғалиасқар Төлендіұлы «Nur Otan» партиясының ХІХ сьезінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ұсынған кандидат өмірбаянымен таныстырып, қызметтік жолына тоқталды.

- Қасым-Жомарт Кемелұлы өзінің ел алдындағы абырой-беделін Премьер-Министр, Сенат төрағасы болғанда өз еңбегімен, турашылдығымен көтерді. Егемендік алған жылдары жауапты қызметтерді атқарды. БҰҰ-да лауазымды қызметте болды. Қ.Тоқаев - БҰҰ-да жұмыс істеген Орталық Азиядағы алғашқы адамдардың бірі, - деп атап өтті төраға орынбасары. Сонымен бірге, жиналғандарға қосымша Қасым-Жомарт Кемелұлының сайлауалды тұғырнамасын таныстырып, оны жан-жақты талдап берді.

Жиынға қатысқан Алматы облысындағы мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған спорт клубы директорының орынбасары Серікжан Әбдірахманов, еліміздің бірнеше дүркін чемпионы, пауэрлифтингтен халықаралық дәрежедегі спорт шебері Ләззат Сәлімжанова, пауэрлифтингтен Голландияда өткен Халықаралық жарыстың күміс жүлдегері, Дубайда болған жаһандық жарыстың жеңімпазы Ирина Тыщенко, пауэрлифтингтен ел чемпионатының, әлемдік додалардың жеңімпазы Арлан Атайбеков өз сөздерінде Елбасы ұсынған кандидатты толық қолдайтындарын және ел болашағын дамытуда Қасым-Жомарт Кемелұлына сенетіндіктерін жетікізді.

ӨЗ ТІЛШІМІЗ