ІЛЕ АУДАНЫНДА МАС ЖҮРГІЗУШІНІҢ КЕСІРІНЕН 27 ЖАСТАҒЫ ЖОЛАУШЫ КӨЗ ЖҰМДЫ

Уақыты: 24.05.2021
Оқылды: 1118
Бөлім: ҚҰҚЫҚ-ЗАҢ

Алматы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі тағы бір жол-көлік оқиғасын растады. Бұл туралы "Жетісу" газеті хабарлады.

«Жол апаты түнгі сағат 00:10 шамасында болған. Іле ауданындағы Чапай ауылының 18 жастағы тұрғыны «Тойота-Хайлюкс» көлігін жүргізіп келе жатып, қарсы бағытқа шығып кеткен. Соның салдарынан «Водник – Казцик – Комсомол» жолында «Дэу Нексия» машинасына соғылған. Бұл көлікті 22 жастағы азамат тізгіндеген. Оқиға орнында «Дэу Нексияның» 27 жастағы жолаушысы мерт болды», - делінген Алматы облыстық полиция департаменті баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Анықталғандай, 18 жастағы «Тойотаның» жүргізушісі ішімдік ішкен. Қазір аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодесінің 345-1 3 бөлігіне сәйкес соталды тергеу жүріп жатыр. 18 жастағы азамат уақытша ұстау изоляторына қамалды.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"