Жарыссөз аяқталды: Бишімбаев пен Байжанов соңғы сөзін қашан айтатыны белгілі болды

Уақыты: 04.05.2024
Оқылды: 388
Бөлім: ҚҰҚЫҚ-ЗАҢ

Бүгін Қуандық Бишімбаев пен Бақытжан Байжановқа қатысты қылмыстық іс бойынша кезекті сот отырысы өтті, - деп хабарлайды 7-su.kz желілік басылымы Dalanews.kz сайтына сілтеме жасап.

Сотталушылардың соңғы сөзі 6 мамырда сағат 10:00-де өтеді.

Бүгін сот жарыссөзінде сотталушылар сөз сөйледі, содан кейін тараптардың ескертулері тыңдалды.

Одан әрі сот алқабилердiң қатысуынсыз жарыссөздің екінші бөлігіне көшті (ҚПК-нің 651-бабына сәйкес алқабилер қатысатын сотта тараптардың жарыссөзi екi бөлiктен тұрады).

Жарыссөздiң екiншi бөлiгiнде тараптар сотталушылардың әрекеттерiн саралау, жаза тағайындау, азаматтық талап қою мәселелерi бойынша ұстанымдарын баяндады.

Коллаж: Dalanews.kz.