ҮШТӨБЕ ҚАЛАСЫНДА 17 ЖАСТАҒЫ БАЛА ІШІМДІК ІШІП, КӨЛІК АПАТЫНА ТҮСТІ

Уақыты: 26.05.2021
Оқылды: 1141
Бөлім: ҚҰҚЫҚ-ЗАҢ

Үштөбеде 17 жастағы бала ішімдік ішіп, көлік апатына түсті. Бұл туралы "Жетісу" газеті хабарлады.

«25 мамыр күні сағат 22:10 шамасында 17 жастағы «Ауди» көлігінің жүргізушісі мотоциклге соғылған. Екінші көлікті 20 жастағы Талдықорған қаласының тұрғыны тізгіндеген. Жол апаты салдарынан мотоциклдің 20 жастағы жолаушысы зардап шекті. Ол Үштөбе қаласындағы ауруханаға жеткізілді. Анықталғандай, «Ауди» көлігінің кәмелеттік жасқа толмаған жүргізушісі орта деңгейде ішімдік ішкен. Қазір осы факті бойынша анықтау жұмыстары жүріп жатыр», - деп мәлімдеді Алматы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"

Сурет ғаламтордан алынды