ТАЛҒАРДА КАРАНТИНДІ ТЕКСЕРУШІЛЕР ТОБЫ ҮЙЛЕНУ ТОЙЫНЫҢ ҮСТІНЕН ТҮСТІ

Уақыты: 20.08.2021
Оқылды: 958
Бөлім: ҚҰҚЫҚ-ЗАҢ

Алматы облысында карантинге қарамай қызмет көрсеткен кезекті мейрамхана әшкере болды. Бұл туралы "Жетісу" газеті полиция департаментіне сілтеме жасап хабарлады.

Бас санитар дәрігері қаулысының қолданыста болуына қарамастан көңіл көтеру орындары тарапынан санитарлық талаптардың бұзылуы жиі кездеседі. Осыған байланысты полиция қызметкерлері мен әкімідік өкілдерінен құрылған мобильді топ аудан аумағында орналасқан қоғамдық тамақтану орындарының, дәмхана мен мейрамханалардың карантин шектеуін сақтауы бойынша тексеру жүргізіп жатыр.

"Талғар ауданының полицейлері рейд барысында Бесқайнар ауылында орналасқан мейрамхананың бірінде үйлену тойы өткізіліп жатқанын анықтады. Мейрамхана карантин талаптарына қарамастан жұмысын еш кедергісіз жалғастырған. Анықталған дерекке қатысты жинақталған материалдар ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 425-бабымен әкімшілік жауапкершілікке тарту үшін өкілетті органға жолданды", - делінген Алматы облыстық полиция департаменті баспасөз қызметі жариялаған хабарламада.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"