Сайлау – 2023: Ақпараттық хабарлама

Уақыты: 30.09.2023
Оқылды: 680
Бөлім: ҚҰҚЫҚ-ЗАҢ

«Jetіsý» газетінің (бұдан ары – Газет) меншік иесі ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК «Қазақстан Республикасындағы сайлаулар туралы» конституциялық Заңына сәйкес 2023 жылғы 5 қарашадағы өтетін аудан әкімдерінің сайлауына қатысу үшін тіркелген үміткерлердің  сайлауалды үгіт материалдарын орналастыру үшін басылым алаңдарын беру шарттары мен тәртібі және төлем мөлшері жөнінде хабарлайды. 

Газеттің басылым алаңдарын берудің жалпы шарттары мен тәртібі

Газет үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін басылым алаңдарын береді.

Газеттен басылым алаңдарын беру газеттің меншік иесі мен үміткер немесе үміткердің сенімді өкілі арасында үгіттік баспа материалдарын орналастыруға арналған басылым алаңын беруге жасалған келісімшарт негізінде жүзеге асырылады. Келісімшарттың формасы мен тиісті  құжаттар жазбаша өтініш тапсырылған кезде қоса беріледі. Мұндай келісімшарт жасау үшін сенімді өкілдері газеттің меншік иесіне келесі ақпараттарды  көрсете отырып, жазбаша өтінішпен шығады: 1) үміткерлікке ұсынылғанын дәлелдейтін құжаттың көшірмесі; 2) үміткердің  уәкілетті өкілінің құзыретін дәлелдейтін құжаттың көшірмесі; 3) үгіттік материалдардың түрі, алатын алаңының жоспарланған  көлемі көрсетілген жазбаша өтініш мазмұны; 4) қағаз  (уәкілетті өкілдің көрсетілген әр парақтағы қойылған қолымен) және электронды тасымалдаушыдағы үгіттік материалдың мәтініне түсіндірме; 5) өтініш беруші үміткердің немесе уәкілетті өкілінің жеке бас куәлігінің көшірмесі.

Газетке жазбаша өтініш  осы ақпараттық хабарлама негізінде 2023 жылдың 10 қазанынан бастап 2023 жылға 3 қарашаға дейін, демалыс және мереке күндерін қоспағанда, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі, 28-үй, 4-қабат мекенжайы бойынша    қабылданады. 
Тіркелген үміткерлер немесе (сенімді өкілдері) газеттің меншік иесі ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК келесі ақпараттарда көрсетілген жазбаша өтініш тапсырады: 
1) өтініш беруші үміткердің (сенімді өкілдің) тегі, аты-жөні; 
2) үміткердің (сенімді өкілдің) жекебас куәлігі; 
3) уәкілетті органмен берілген үміткерлік (сенімді өкілдік) куәлігі; 
4) үгіт-насихаттық материалдардың түрі, оны жариялаудың уақыты мен баспа алаңының жоспарланған көлемі көрсетілген жазбаша өтініш мазмұны; 
5) үміткердің (сенімді өкілдің) қолтаңбасы.
Жазбаша өтінішпен қосымша беріледі;  
1)Үміткер куәлігінің көшірмесі; 
2) Үміткердің (сенімді өкілдің) жекебас куәлігінің көшірмесі.

Жарияланымдарда ақпаратты берген тұлғаның тегі, қаржыландыру көздер, материалдарды шығаруға жауапты тұлғалар, олардың төленуі туралы ақпараттар болуға тиісті.

Баспалық материалдарды  орналастырудың кезектілігі жазбаша өтініштердің келіп түсу реттілігіне байланысты газетпен белгіленеді. Бірнеше үміткердің немесе сенімді өкілдердің өтініштері бір мезетте түскен жағдайда газет тарапынан дәл сол күні жеребе өткізіледі. Жеребеге баспалық материалдарды орналастыру кезектілігіне таласушы  үміткердің уәкілетті өкілдері мен таластың тәуелсіз тарабы ретінде БАҚ өкілі қатысады. Үміткерлердің әрбір уәкілетті өкіліне ішінде баспалық материалды орналастырудың мерзімі көрсетілген, мөрленген конвертті таңдау ұсынылады. Конверттер саны таласқа қатысушыларың санымен тең  болады. Жеребе аяқталғаннан кейін таласқа қатысушылар мен БАҚ өкілі жеребе хаттамасына қолдарын қояды. Жеребе нәтижесі (хаттаманың көшірмесі) тиісті сайлау комиссиясына тапсырылады. 

Үгіттік баспа материалдарын берудің тәртібі

Газетке үгіттік баспа материалдары  газет жарық көретін датаға 3 (үш) күнтізбелік күн қалғанға  дейін модульдер немесе мақалалар түрінде тапсырылуға тиісті. 

Газет материалдарда конституциялық құрылысты күштеп өзгертуге, республиканың тұтастығын бұзуға, мемлекеттің қауіпсіздігін бүлдіруге, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, таптық және рулық алауыздық тудыруға, сондай-ақ, заңмен қарастырылмаған және заңмен қарастырылған, тағы басқа да негіздерде әскерилендерілген құрылымдар құру идеялары көрініс берген жағдайда үгіттік  баспа материалдарын орналастырудан бас тартуға құқылы. 
Газет саяси партиялардың немесе ұйымдардың абыройы мен қадір-қасиетіне немесе іскерлік беделіне нұсқан келтіретін ақпараттар болған жағдайда үгіттік баспа материалдарын орналастырудан бас тартуға құқылы. 
Осы ақпараттық хабарламада көрсетілген басылым алаңдарын берудің шарттары мен тәртібі уәкілетті органдардың талабына сай түзетілуі мүмкін. 

Газеттің басылым алаңдарын төлеудің тәртібі мен мөлшері

Үгіттік материалдарды орналастыруға арналған басылым алаңдарының бағасы:
– Аудан әкіміне үміткерлер  үшін ҚҚС-ты қоса алғанда журналистік мақалалар жарияланған беттерге модуль орналастырудың 1 шаршы см. үшін  400 теңге, басылымның интернет сайтына жариялау газеттегі жарияланым құнының 50%- құрайды;
– Аудан әкіміне үміткерлер  үшін ҚҚС-ты қоса алғанда журналистік мақалалар жарияланған беттерге мақала орналастырудың 1 шаршы см. үшін  400 теңге, басылымның интернет сайтына жариялау газеттегі жарияланым құнының 50%-ын құрайды;

Төлем серіктестік  берген есепшот негізінде сол  есепшот берілген күннен басталатын 5 (бес) банк күні ішінде жүргізіледі.
Төлем газеттің басылым алаңын беру жөніндегі тиісті келісімшартта немесе есепшотта көрсетілген серіктестіктің банктік реквизиттеріне төленеді.

"Жетісу-Ақпарат"