Газеттің ақшасын жымқырған медиахолдинг экс-директоры сотталды

Уақыты: 05.10.2023
Оқылды: 567
Бөлім: ҚҰҚЫҚ-ЗАҢ

Маңғыстаулық медиахолдингтің экс-директоры 4 жылға сотталды. Ал компания есепшісі 7 жылға бас бостандығынан айырылды, - деп хабарлайды 7-su.kz  желілік басылымы "Астана" телеарнасына сілтеме жасап. 

Телеарна мәліметінше, сотталған екі тұлға да бірнеше бап бойынша айыпты деп танылған. Оның ішінде, ең бастысы - бюджет қаражатын миллиондап жымқырды делінген "Маңғыстау медиа" ЖШС экс-басшысы сот үкімін тыңдауға келмеген. Себебі ол ауруханада екен.

Ал есепшіге сот залында кісен салынған. Бұған дейін екеуі де үйқамақта болған. 

Ескерте кетейік, өткен жылдың мамыр айында аудиторлық тексеру жергілікті газеттер бірлестігінде 57 миллион теңге жетіспейтінін анықтаған. Бірақ прокурорлардың тексеруінен кейін бұл сома 4 миллионға дейін азайды.

Аталған қомақты сома бірлесіп ұрланған деп есептелді. Медиахолдинг басшысы үш бап бойынша сотталды.

Фото: astanatv.kz