Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы өтті

Уақыты: 05.10.2023
Оқылды: 791
Бөлім: ҚҰҚЫҚ-ЗАҢ

Облыс әкімі Бейбіт Исабаевтың төрағалығымен биылғы жылдың 3-тоқсанының қорытындысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы өтті.

Отырысқа облыстық мәслихат төрағасы Гүлнар Тойлыбаева, арнайы, құқық қорғау органдары мен салалық басқарма басшылары, «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлік палатасының төрағасы, сонымен қатар аудан және қала әкімдері (онлайн режимде) қатысты.

Отырыста үш мәселе қаралды:

  1. Жетісу облысының сыбайлас жемқорлық тәуекелдер картасын іске асыру шеңберінде кәсіпкерлікті жүргізу және кәсіпкерлікті ашу саласында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша атқарылған жұмыстар және қабылданған шаралар туралы;
  2. Жетісу облысының сыбайлас жемқорлық тәуекелдер картасын іске асыру шеңберінде стихиялық қоқыс үйінділер (қоқыс полигоны) құм-қиыршықтас қоспасын заңсыз өндіру саласында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша атқарылған жұмыстар және қабылданған шаралар туралы;
  3. Жетісу облысының сыбайлас жемқорлық тәуекелдер картасын іске асыру шеңберінде денсаулық сақтау саласында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша атқарылған жұмыстар және қабылданған шаралар туралы.

Жетісу облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің басшысы Мақсат Мырзаханұлы Жебегенов өз баяндамасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг барысында анықталған бірқатар сыбайлас жемқорлық тәуекелдері туралы жеткізді.

Отырыс барысында атқарылып жатқан жұмыстар туралы Жетісу облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму, энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, денсаулық сақтау басқармаларының және Жетісу облысы Кәсіпкерлер палатасының баяндамалары тыңдалды.

Комиссия отырысының қорытындысына сәйкес облыс әкімі көтерілген мәселелер бойынша облыстық басқарма басшыларына, сондай-ақ аудандар мен қалалар әкімдеріне сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шараларын күшейту, жемқорлық тәуекелдерін болдырмау және орын алған кемшіліктерді жою жөнінде нақты тапсырмалар берді. Сонымен қатар кез келген салада заң аясында әрекет етуді, әділдік, қызметке адалдық және ашықтық қағидаларын берік ұстануды қатаң ескертті.