Көксу ауданында жаяу жүргіншіні көлік қағып, мерт қылды

Уақыты: 06.10.2023
Оқылды: 730
Бөлім: ҚҰҚЫҚ-ЗАҢ

Алматы - Өскемен тас жолында Mazda көлігі қаққан 53 жастағы ер адам оқиға орнында жан тапсырды, деп хабарлайды 7-su.kz желілік басылымы.

Жол-көлік оқиғасы 5 қазанға қараған түні Көксу ауданында болған. Жетісу облысы ПД-ның баспасөз қызметі хабарлағандай, жаяу жүргіншіні 45 жастағы әйел көлігімен қағып кеткен.

Ер адам алған ауыр жарақаттары салдарынан оқиға орнында қаза тапты.

Қазір көлік арнайы автотұраққа қойылды.