Жеке тұлғалардың банкроттығы: өтінішті қалай береді?

Уақыты: 31.10.2023
Оқылды: 815
Бөлім: ҚҰҚЫҚ-ЗАҢ

Халықтың шамадан тыс кредиттелу проблемасын шешу тетіктерінің бірі, жеке тұлғалардың банкроттығы. Оның ішінде неғұрлым сұранысқа ие болып отырғаны – соттан тыс банкроттық рәсімі. Оны тек банктер, микроқаржы ұйымдары және коллекторлық агенттіктер алдындағы қарыздар бойынша қолдануға болады, деп хабарлайды El.kz  ақпарат агенттігі.

Азаматтар өтініштерді Халыққа қызмет көрсету орталықтарында, электрондық үкімет порталы арқылы (eGov.kz.), сондай-ақ Е-salyq Аzamat немесе eGov Mobile мобильді қосымшалары арқылы бере алады. Ол үшін 1414 нөміріне қоңырау шалу немесе https://t.me/SalyqBot Telegram чатқа жазу арқылы кеңес алуға болады.

ХҚКО операторларына немесе Мемлекеттік кірістер органдарының қызметкерлеріне жүгінуге болады, олар рәсімді қолдану тәртібіне тегін кеңес береді, жолдарын түсіндіреді.

Банкроттық рәсімінен өту тәртібі туралы ақпарат ҚР Қаржы министрлігінің, Мемлекеттік кірістер комитетінің сайттарында жарияланған, өтініш беру жөніндегі нұсқаулықты eGov.kz сайтынан көруге болады.

Сондай-ақ, ағымдағы жылдың мамыр айынан бастап «Аманат» партиясы «Қарызсыз қоғам» жобасын іске асырып азаматтарға кредиттер бойынша мерзімі өткен берешекті реттеу, қаржылық алаяқтықтан қорғау, сондай-ақ банкроттық, жұмысқа орналасу және бизнесті жүргізу мәселелері бойынша жәрдемдесіп құқықтық көмек көрсетеді. Осы орайда, банкроттық мәселесі бойынша кеңес алу үшін «Аманат» партиясының облыстық филиалдарына да жүгінуге болады.

Сурет: көрнекілікке алынды