Қазақстанда мемлекеттік қызметке іріктеу ережесі өзгерді

Уақыты: 18.01.2024
Оқылды: 653
Бөлім: ҚҰҚЫҚ-ЗАҢ

Енді «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қызметкерлер жаңа ережемен қабылданады.

Өзгерістер Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 22 шілдедегі №74 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі туралы ереженің 15-тармағының 20-1 және 44-9 тармақшаларына сәйкес енгізілген.

Президент Жарлығы негізінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің бұйрығы шықты.

«Бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қызметіне қабылдау конкурсы мен мемлекеттік қызмет үміткерлеріне қойылатын біліктілік талаптарының қағидасы бекітілсін. Бұйрық заңнамада белгіленген тәртіппен Әділет министрлігінде тіркелсін», - делінген ресми құжатта.

Бұйрықтың орындалу барысын агенттік төрағасының мемлекеттік қызмет мәселелеріне жетекшілік ететін орынбасары қадағалайды.

«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдар қағидасымен сілтеме арқылы танысуға болады. 

ҚазАқпарат

Фото: egov.kz