Кеңес әскерінің Ауған жерінен шығарылғанына – 35 жыл

Уақыты: 18.01.2024
Оқылды: 709
Бөлім: ҚҰҚЫҚ-ЗАҢ

Биыл Кеңес әскерінің Ауған жерінен шығарылғанына 35 жыл толып отыр, деп хабарлайды 7-su.kz желілік басылымы.

Осыған орай жетісулық жастар облыс аумағындағы мектеп оқушыларының тарихқа тағзым етіп, ардагерлерге құрмет көрсету, отансүйгіштік қасиеттерді дәріптеу мақсатында тәрбиелік мәні зор шара ұйымдастыра бастады.

«Ерлік сағаттары»  атты кездесулер Ауған соғысы ардагерлерінің қатысуымен 16 қаңтардан бастап 15 ақпанға дейін жалғасатын болады. 30 күндік жоспарда жалпы саны 333 кездесу өткізу көзделген. Бүгінгі күні 12 кездесу ұйымдастырылып, облысымыз бойынша 500 оқушы қамтылды.