Жалпыға бірдей декларациялаудың үшінші кезеңі басталды

Уақыты: 19.01.2024
Оқылды: 612
Бөлім: ҚҰҚЫҚ-ЗАҢ

2024 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанда жалпыға бірдей декларациялаудың 3-ші кезеңі басталды. Бұл қадам заңды тұлғалар басшыларына, құрылтайшыларына, сондай-ақ,  жеке  кәсіпкерлер мен олардың жұбайларының қаржылық жағдайы туралы ақпараттың ашықтығы мен дәлдігін қамтамасыз етуге бағытталған.

Жетісу облысының Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында декларацияны уақытылы тапсыру тәртібі мен жауапкершілігі туралы Жетісу  облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары Сапар Шайкенов мәлімдеді.

Барлық өтініштер 2024 жылдың 15 қыркүйегінен кешіктірілмей ұсынылуы керек. Бұл мерзімнің сақталуы міндетті және осы ережені бұзу айыппұлдар түріндегі құқықтық салдарға әкелетінін есте сақтау қажет.

«Ұсынылған деректердің сенімділігіне қатысты келіспеушілік немесе күмән туындаған жағдайда уәкілетті органдарға тікелей хабарласу ұсынылады. Мәселен, бағалы қағаздарға қатысты сұрақтар бойынша «Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі» АҚ-на 8 777 780 66 43 телефоны немесе ccmail@kacd.kz электрондық поштасы арқылы хабарласыңыз. 

Үлестік қатысу мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы Индустрия және құрылыс министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетіне 8 (7172) 57 61 50, 57 64 79, 57 64 71 телефондары  арқылы немесе «Е-Otinish» азаматтардың барлық өтініштерін қабылдаудың бірыңғай платформасы арқылы  хабарласуларыңызды сұраймыз. 


«Активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны толтыру бойынша қадамдық нұсқаулық келесі сілтемелер бойынша орналастырылған: 

1.    https://youtu.be/A5vPs_y9DY0?feature=shared
2.    https://youtu.be/33MzJR1DL6I?feature=shared

Ал, Декларацияны ұсыну тәсілдері:
* e-Salyk Azamat, eGov mobile, Halyk мобильді қосымшалары;
* eGov, moldir.qoldau.kz веб-порталы;
* cabinet.salyk.kz сайтындағы Салық төлеушінің кабинеті», - деп түсіндірді спикер.

"Жетісу-Ақпарат"
Фото: baq.kz