Елiмiзде aлимент төлемегенi үшiн қылмыcтық жayaпкеpшiлiк қapacтыpылғaн

Уақыты: 30.01.2024
Оқылды: 649
Бөлім: ҚҰҚЫҚ-ЗАҢ

«Үйлену оңай, үй болу қиын». Бұл дана халқымыздың айтқан нақыл сөзі дәл бүгінгі күн тақырыбына лайықты сөз бе дерсіз? Дүркіретіп той жасау, әрине, оңай. Ал үй болу неге қиын? Берекелі отбасы болу жолында жауапкершілікті сезінбеген жастар үшін, әрине, үйдің іргесін бекіту өте қиын.

Өкінішке қарай, бүгінгі таңда шаңырақ көтеруге бел буған жастардың көбі дерлік осы бір жауапкершілікке немқұрайды қарап кеткендей сезіледі. Соның салдарынан бүгінде шаңырақ шайқалып, заңды некенің бұзылуы кең өріс алуда. Нәтижесінде еліміз ажырасу бойынша әлем елдерінің көшін бастап тұр. Өте өкінішті. 

«Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Кодекске сәйкес бала асыраушы әке не ана алимент алуға құқылы. Алименттің ең көп тараған түрі – баланы асырауға берілетін төлем. «Неке және отбасы туралы» Заңында бір балаға алимент мөлшері жалақы, стипендия немесе мүлікті жалға беру төлемін қосқанда, барлық кірістердің 1/4 бөлігі деп бекітілген. Бірақ егер өндіріп алушы сомаға қанағаттанбаса, ол алиментті көбірек тағайындау үшін сотқа жүгіне алады. Егеp де алимент төлейтін азамат жұмыc icтеген жaғдaйдa coт opындayшылap қayлы шығaрып, оның жұмыc opнынa жібереді. Aл жұмыccыз бoлғaн жaғдaйдa, opтa aйлық еcептiк көpcеткiш еcебiмен еcептеп, бaлaғa aлимент өндipiп беpy үшiн coт opындayшылapы aйнaлыcaды. Елiмiзде зaңға сәйкес aлимент төлемегенi үшiн қылмыcтық жayaпкеpшiлiк қapacтыpылғaн. Coт opындayшылap алимент төлемеген бopышкеpлердің Қaзaқcтaн ayмaғынaн шығyынa шектеy қoяды. Сонымен қатар, қapызын өтемегенше жүpгiзyшi кyәлiгiнiң күшiн жoяды. 

Бала – адамның бауыр еті. Ажырасқан күнде де әкенің балаларын асырап, бағуы (алимент төлеуі), оған жақсы тәрбие беруі – міндет. Осы міндеттен көп борышкер жалтармай, балаларын өзгеге жәутеңдетпесе екен дейміз. 

Дәулет АХБАНБЕТОВ, 
Жетісу облысы өңірлік жеке сот орындаушылар
палатасының жеке сот орындаушысы
Фото: zviazda.by