Жетісу облысында көмірге бөлінген қаржыны жымқырғаны үшін кәсіпорын басшысы 7 жылға сотталды

Уақыты: 23.02.2024
Оқылды: 344
Бөлім: ҚҰҚЫҚ-ЗАҢ

Жетісу облысында кәсіпорынның бұрынғы директоры мемлекеттік субсидияларды жымқырғаны үшін сотталды, деп хабарлайды 7-su.kz желілік басылымы.

«Алакөлжылу» ШЖҚ МКК бұрынғы директоры 100 млн теңгеден астам бюджет қаражатын жымқырған. Ол сот үкімімен 7 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды.

«Қатты көмірді сатып алуға бөлінген қаражатты жымқыру коммуналдық кәсіпорын басшысымен аффилиирленген компания арқылы жасалған. Бұл факт арнайы прокурорлармен анықталып, тергеп-тексерілді», – делінген Жетісу облысы прокуратурасының хабарламасында.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Фото: Pixabay