Жетісуда 500-гежуық жеке тұлға банкрот деп танылған

Уақыты: 26.03.2024
Оқылды: 343
Бөлім: ҚҰҚЫҚ-ЗАҢ

«Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы» Заңы күшіне енгелі  Жетісу облысы  бойынша 500-ге жуықжеке тұлғабанкрот деп танылған.Алайда келіп түскен өтініштердің басым көпшілігіненбас тартылған.Оған азаматтардың қаржылық қағидаға мән бермей, талап, шарттармен таныспай өтініш беруібасты себеп болған.


 – «Бүгінгі күнге дейін Жетісу облысы бойынша жалпы 3 800-ден астам өтініш келіп түсіп, оның ішінде 3 044 өтініштен бас тартылған.Қабылданыпбанкроттық рәсімі басталғаны 735 өтініш, оның ішінде екінші дәрежелі банктер, микроқаржылық және коллекторлық ұйымдардың алдындағы берешек сомасы 651 млн. тенгеден асатын 499 азамат банкрот деп танылды», - дейді аймақтағы мемлекеттік кірістер департаментінің дәрменсіз борышкерлермен жұмыс жөніндегі басқармасы бөлімінің  басшысы Асқар Қамзаев.

Асқар Берікболұлының сөзінше, бұл заң тек мұқтаж және несие берушілер алдындағы қарыздарын өтеуге мүмкіндігі жоқ азаматтарға арналған. Заңда соттан тыс, сот банкроттығы және төлем қабілеттілігін қалпына келтіру сынды рәсімдердің 3 түрі қарастырылған.Осы үш рәсімді тек борышкер ғана бастайды, яғни несие беруші немесе өзге кредитор борышкерге қатысты бұл рәсімдерді қолдануға құқығы жоқ.

Бірінші, азаматтарды қызықтыратын соттан тыс банкроттық рәсімібойынша өтініштер электрондық нысанда E-gov веб-порталы, сондай-ақ «E-salyg Azamat» қосымшасы арқылы беріледі.Өтініш беруші жеке кәсіпкер ретінде тіркелмеуі тиіс. Соттан тыс банкроттық екінші деңгейдегі банктер, микро-қаржы ұйымдары және коллекторлық агенттіктер алдындағы борыштар бойынша борышкерге қатысты жүзеге асырылады.

 Бұл рәсімді қолдану үшін  бірінші, банктер, микроқаржы ұйымдары мен коллекторлар алдындағы берешек 5,5 миллион теңгеден  яғни 1600 АЕК-тен аспайды.Екінші, міндеттемелер бойынша өтініш берілген күні қатарынан 12 ай ішінде өтеу жоқ. Үшінші, оның ішінде  ерлі-зайыптылардың ортақ меншігіндегі мүлік жоқ. Төртінші, банктер және микрокредиттік ұйымдармен мерзімі өткен берешекті реттеу жүргізілді.

Сондай-ақ, заңда алты ай ішінде атаулы әлеуметтік көмек алатын азаматтар мен бес жылдан астам уақыт қарызы өтелмегендер үшін ерекше жағдайлар қарастырылған. Оларға жоғарыда аталған барлық шарттар қолданылмайды. Өтініштер Мемлекеттік кірістер органдарының ақпараттық жүйесіне – TAZALAU сервисіне (жүйеде) түсетін болады KOLDAU.KZ өтініш келіп түскен күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде соттан тыс банкроттық рәсімін қолдану не қолданудан бас тарту туралы шешімдерді қарау, өңдеу және қабылдау жүзеге асырылатын болады.

5,5 миллион теңгеден асатын қарыздар бойынша және басқа да берешек түрлері бойынша азаматтар сот банкроттығына жүгіне алады.Сот банкроттығы мақсаты банкроттың мүліктік массасы есебінен кредиторлардың талаптарын барынша қанағаттандыру болып табылады.

Егер жалғыз тұрғын үй кепіл заты болып табылса, онда кредитор оны қайтарып алуға құқылы.Жалғыз баспана кепіл болмаса, кредиторлар оны талап ете алмайды.Қалған өтелмеген сома, егер борышкердің белгілері болмаса есептен шығаруға жатады.

Екінші, сот банкроттығы рәсімін қаржы басқарушылары жүзеге асырады, оның ішінде:

  • Заңды тұлғалар банкроттығы рәсіміндегі әкімшілер;
  • Кәсібибухгалтерлер;
  • Заңконсультанттары;
  • Аудиторлар.

Барлықборышкерлерқаржыбасқарушыларыныңқызметтерінтөлейалмайтынынназарға ала отырып, заңжобасында, мүлкіжоқ, әлеуметтік осал топтарына жататын адамдарға мемлекет есебінен ақы төлеу көзделген.

Үшінші рәсім – ол төлем қабілеттілігін қалпына келтіру рәсімі, тұрақты табыс болған жағдайда, қарызды төлеу үшін (5 жылға дейін) сот тәртібімен бөліп төлеу жоспарын алу мүмкіндігін қарастырады.

Сауықтыру жоспары қаржы бақарушымен бірлесіп әзірленіп, сотпен бекітіледі.

Бұл процедураның артықшылығы, кейін адам «банкрот» деген мәртебесін алмайды, сондықтан банкрот үшін көзделген салдар оған қолданылмайды.

Банкроттықтанкейінпайдаболатынсалдар:

  1. 5 жылғанесиелер мен кредиттералушектеуі;
  2. 7 жылданкейінғанабанкроттыққа қайта жүгіну құқығы;
  3. 3 жылқаржылықжағдайына мониторинг жүргізілетінболады.

Алиментөндіру, басқаадамныңөмірі мен денсаулығынакелтірілгензияндыөтеу, сондай-ақ қылмыстық құқықбұзушылықтарүшінкелтірілгензияндыөтеубойыншаберешектерді есептеншығарылмайды.

Айдын КӘЛІМХАН.