"Қытайлықтарға қызмет көрсеткен": "Қорғаста" лас қызмет түрі анықталды

Уақыты: 05.04.2024
Оқылды: 273
Бөлім: ҚҰҚЫҚ-ЗАҢ

“Қорғас" шекара маңы халықаралық ынтымақтастық орны аумағының Қазақстанға тиесілі бөлігінде жасырын жұмыс істеген 6 казино мен жезөкшелер ошағын ұйымдастырған Қытай азаматтары ұсталды. 

Аталған заңсыз орынды қаржылық мониторинг агенттігінің Жетісу облысы бойынша департаменті облыстық прокуратурасы, Ұлттық қауіпсіздік департаменті, облыстық полиция және шекара қызметімен бірлесе отырып жойды.

Ең сорақысы да бұндағы лас қызмет түрі Қытай азаматтары үшін ғана жұмыс істеп келген.

“Тінту нәтижесінде 4 коммерциялық ғимаратта 76 ойын автоматы, 43 ойын үстелі, құмар ойындарын ұйымдастыруға қажетті көптеген техникалық құрал-жабдықтар, сондай-ақ 60 мың юаньнан астам ақшалай қаражат тәркіленді”, – деп мәлімдеді қаржылық мониторинг агенттігінің баспасөз қызметі. 

Қазір сотқа дейінгі тергеу жалғасуда. Қылмыстық-процессуалдық кодекстің 201-бабына сәйкес өзге де мәліметтерді таратуға рұқсат етілмейді.

Сурет: dzen.ru