АУДАН ӘКІМІ 800 МЫҢ ТЕҢГЕ ПАРАМЕН ҰСТАЛДЫ

Уақыты: 10.11.2018
Оқылды: 1230
Бөлім: ҚҰҚЫҚ-ЗАҢ

Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шығыс Қазақстан облысына қарасты Жарма ауданының әкімі Нұрлан Сыдықовты ұстады. Бұл туралы жедел ақпарат "Tengrinews.kz" сайтында жарияланды. Сондай-ақ, ҚР ҰҚК баспасөз қызметі де бұл мәліметті растап отыр.

Шығыс Қазақстан облысындағы Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаменті Жарма ауданы әкімін 800 мың теңге пара алды деген күдікпен ұстады. Ол осы ақша үшін кәсіпкерге жер телімін ұзақмерзімді жалға алу құжаттарын қайта рәсімдеу мәселесін шешіп беремін деп уәде берген. Комитет өкілдері осы дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 366-бабы, 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары жүргізіліп жатқанын мәлімдеді. Аудан әкімі қазіргі таңда уақытша қамау изоляторына жабылды.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"