СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ЖОЛ ЖОҚ

Уақыты: 26.07.2019
Оқылды: 1977
Бөлім: ҚҰҚЫҚ-ЗАҢ

Алматы өңірлік гарнизоны әскери полиция жасағының сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет ету бөлімшесінің бастығы, әділет капитаны Рауан Саурық Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институты мен Құрлық әскерлерінің әскери институты талапкерлерінің ата-аналарымен, талапкерлермен тікелей байланыста жұмыс істейтін әскери қызметшілермен кездесті.

«Армияда қылмысқа орын жоқ» бағдарламасы аясында өткен кездесуде әскери оқу орнына абитуриент қабылдау кезінде сыбайлас жемқорлық оқиғаларын болдырмау бойынша алдын алу іс-шаралар бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді, ата-аналар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріп, кеңесін айтты.

Аталған шара аясында әділет капитаны Р. Саурық сыбайлас жемқорлық салдарынан мемлекетке келтірілген зардаптардың статистикасынан мысал келтірді.

- Сыбайлас жемқорлықтың ешкімге абырой әпермейтіні айқын. Сондықтан әскери қызметшілер мен талапкерлердің ата-аналарын қылмыстық және әкімшілік құқықбұзушылыққа жол бермеуге шақыру мақсатында сұхбат жүргіздік, - деді әскери полиция жасағының өкілі.

Шара соңында құқықбұзушылықтар орын алған жағдайда хабарласу үшін анықтама телефон нөмірін ұсынып, жадынама таратты.  

РЭжБӘИИ баспасөз қызметі