БІР ТАЛДЫҚОРҒАННЫҢ ӨЗІНДЕ 1600-ДЕН АСТАМ АЛАЯҚТЫҚ ДЕРЕГІ ТІРКЕЛДІ

Уақыты: 07.11.2020
Оқылды: 1037
Бөлім: ҚҰҚЫҚ-ЗАҢ

Алматы облысының полиция қызметкерлері алаяқтықтың 1000-нан астам дерегін анықтады.

Талдықорған қаласы бойынша жыл басынан бері 1684 алаяқтық дерегі тіркелген, бұл өткен жылмен салыстырғанда екі есеге аз. Осыған байланысты Талдықорған қалалық полиция басқармасының қызметкерлері қырағы болуға және алаяқтардың айла-амалдарына түспеуге шақырады.

- Жыл басынан бері Талдықорған қаласы бойынша 1684 алаяқтық дерегі тіркелді. Оның 500-ден астам дерегі қылмыс құрамының болмауына байланысты тоқтатылды, ал 1040 іс өзінің қисынды аяқталуына дейін жеткізілді. Алаяқтықтың 400-ге жуық дерегі ауыр және аса ауыр санатқа жатады, - деп хабарлады Талдықорған ШҚПБ бастығы, полиция подполковнигі Қайрат Баймұханов.

- Дегенмен, қала тұрғындары мен қонақтары қырағы болуы қажет. Бізге соңғы уақытта Instagram, ОLХ, Колеса, Крыша платформаларында жасалған, өздерін банк қызметкерлері және басқа адам ретінде таныстырған алаяқтық әрекеттері бойынша жиі хабарласады. Алаяқтардың жұмыс схемасы әртүрлі, егер біреуі әлеуметтік желіде әрекет етсе, енді бірі желілерде жарнама орналастырады, ал кейбірі ақша картасын пайдалану арқылы арам ойын іске асырады. Барлықтарыңыздан жеке деректеріңізді, сондай-ақ, банк карталарының деректерін бейтаныс адамдарға хабарламауларыңызды сұраймыз. СМС-хабарламадағы кодты банк қызметкерлеріне де хабарламаңыз және айтпаңыз. Өзіңізді және мүлікіңізді алаяқтардан қорғаңыз, - деп толықтырды полиция подполковнигі.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"

Сурет - ғаламтордан