ПРЕЗИДЕНТ ЖАРЛЫҒЫМЕН ОБЛЫСТЫҢ 16 ПОЛИЦЕЙІНЕ МЕДАЛЬ БЕРІЛДІ

Уақыты: 12.11.2020
Оқылды: 1024
Бөлім: ҚҰҚЫҚ-ЗАҢ

Алматы облысында 16 полицей «Халық алғысы» медалін иеленді.

Алматы облысы полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, жаһанды жайлаған коронавирус індетіне қатысты пандемия кезінде тәртіп сақшылары блокпостарда тәулік бойы кезекшілікке түсіп, карантиндік аймақтардың бұзылмауын қадағалап, науқастармен байланыста болған адамдардың орналасқан жерін анықтады. Тәулік бойы өз отбасыларынан жырақта қызмет атқарды, өздеріне бекітілген аумақта карантин талаптарының қатаң сақталуын профилактикалық тексеруді тұрақты жүзеге асырды. Сонымен қатар, қылмыстарды ашып, құқық бұзушылар мен қылмыскерлерді ұстады. Марапатқа ие болғандар қатарында учаскелік полиция инспекторлары, ювеналды полиция тобының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі учаскелік полиция инспекторлары, патрульдік полиция батальонының инспекторлары, Талдықорған қалалық патрульдік полиция ротасының инспекторлары, уақытша ұстау изоляторларының қызметкерлері, ЖПҚБ (жергілікті полиция) қоғамдық тәртіпті және жол қауіпсіздігін қорғауды қамтамасыз ету тобының инспекторлары бар. Күрделі вирустық-эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, марапаттарды қызмет көрсету орындарындағы басшылар табыс етті.

Айта кетейік, "Халық алғысы" медалі Президент Жарлығымен тағайындалады.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"