АЛМАТЫ МАҢЫНДА 11 КЕЛІГЕ ЖУЫҚ АЛТЫН ҰРЛАҒАН ҚАРАҚШЫЛАР ҰСТАЛДЫ

Уақыты: 12.11.2020
Оқылды: 795
Бөлім: ҚҰҚЫҚ-ЗАҢ

Алматы облыстық полиция департаменті криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері жедел іздестіру шаралары барысында Қарасай ауданының 49 жастағы тұрғынын тонап кеткен күдіктілерді ұстады.

Анықталғандай, олар жәбірленушіге күш қолданып, 10 келі 700 грамм болатын алтын құймаларын тартып алған.

- Жақында Алматы облысы полициясының кезекші бөліміне күш қолданып, алтын құймаларды иемденіп кеткен белгісіз тұлғаларға қатысты заңды шаралар қабылдау туралы арыз келіп түсті. Сауатты жүргізілген жедел іздестіру жұмыстары барысында біз күдіктілерді анықтап, ұстадық. Олар Алматы облысының 26-38 жас аралығындағы тумалары болып шықты, - деді Алматы облысы полиция департаменті бастығының орынбасары Данияр Мендебаев.

Күдіктілер қылмысты толығымен мойындаған. "Оларға қатысты 192-баптың 4-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды, яғни, адамдар тобымен жасалған аса ірі мөлшердегі қарақшылық шабуыл. Барлық күдіктілер қамауға алынды», - деді полиция департаментінің өкілі.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"