Әні әлемді шарлаған

Уақыты: 21.09.2017
Оқылды: 1697
Бөлім: ТҮПСАНА

Әндей әдемі өнердің әліппесін ашар-ашпастан, небәрі 8-сыныпта оқып жүрген шағында «Құмған алған» әнін дүниеге келтірген Мұратханға тыңдарманы алғаш сонда сүйсініпті. Сазгердікі де басқадан өзгешелеу жүрек пе дейсіз, өйтпесе, ақиық ақын Мұқағалидың өлеңіне анау-мынау «бала-шағаның» нота теріп, алты Алаштың аспанында ән әуелете қоямын дегені болмаған. Ол оған қол жеткізді. Сөйтіп, өз махаббатын сол арнаға бұра берген.

 Содан бері де көңіл пернесін басып, жүректі сөйлеткен көп ән жазылыпты. Соның 250-і қағазға түссе, 150-ден астамы радионың алтын қорында сақталған. Оның әнін қазақтың Ермек Серкебаев, Қайрат Байбосынов, Махмұт Тойкенов, Майра Нұркенова, Мақпал Жүнісова, Бекболат Тілеухан сынды өнер майталмандары әуелете шырқады. 
Бүгінде Мұратхан Солтанбайұлы туындылары жеті томдық жинаққа жүк болған. Оның ішінде, бұған дейін «Жастық шақ әуендері», «Сағыныш», «Аққу жеткен» шығармалары жарық көрсе, соңғы он жылдың бедерінде «Мөлдір махаббат», «Әнім менің – Алашым» жеке дауысқа арналған және клавирмен, екі томдық «Көңіл сезімдері» және халық оркестрінің сүйемелдеуімен орындалатын «Бабалар үні» атты екі томдық ән-нота жинақтары баспадан шығып, республикалық кітапханаларға таратылған-тұғын. Енді, «Махаббат аралы» атты аралас орындалатын соңғы бір томы да жарыққа шығу алдында тұр. 
Соның айқын көрінісі – сазгер Мұратхан Егінбаев «Бейбітшілік әлемі» халықаралық қазақ творчествалық бірлестігінің халықаралық  Сазгерлер одағына мүше болды.  Осы жайдарман жаңалықты  Жетісу жұртшылығымен бөліскенді жөн көрдік. 
Қазақ ән өнеріне осындай үлес қосқан Мұратхан Егінбаевқа шығармашылық табыс пен ұлтының рухын көтеретін тың дүниелер тілейміз. 

«Жетісулықтар».