Уақыт белдеуінің өзгеруіне байланысты ораза кестесі өзгерді

Уақыты: 23.02.2024
Оқылды: 445
Бөлім: ТҮПСАНА

2024 жылы Рамазан айы 11 наурызда басталады. Биыл 1 наурыздан бастап елімізде уақыт белдеуі өзгереді. Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы уақыт белдеуі ауысқан соң намаз уақыттары мен жұма намаздарының кестесі өзгеретінін жеткізді.

Рамазан айы неліктен ерекше ай?

Рамазан айы – күллі мұсылман әлемі үшін қасиетті де берекелі ай. Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) бұл ай кіргенде адамдарды былай деп сүйіншілейтін болған: 

"Сендерге Рамазан айы келді, бұл берекеге толы ай. Алла осы айда оразасын парыз етті. Бұл айда жәннат есіктері айқара ашылып, тозақ есіктері жабылады".

Бұл айда адамзат баласын тура жолға, білімділік пен бейбітшілікке үндеген Қасиетті Құранның алғашқы аяттары түскен. Бұл қасиетті айды күллі мұсылман жұртшылығы сағынып, ерекше қадірлеп, асыға күтіп алады.  Алла Тағаланың әміріне бас иіп, ораза ұстап, мұқтаждарға жәрдемдесіп, тағат-құлшылықтар жасап, жан дүниесі рухани демалады.

Фото: shutterstock.com