ҚМДБ 2024 жылға арналған діни күндер кестесін бекітті

Уақыты: 27.02.2024
Оқылды: 382
Бөлім: ТҮПСАНА

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы 2024 жылғы діни күндер кестесін бекітті, деп хабарлайды 7-su.kz желілік басылымы Aikyn.kz сайтына сілтеме жасап.

Шариғат және пәтуа бөлімі бекіткен күнтізбеге сәйкес, биыл Рамазан айы 11 наурызда басталады.

Қадір түні 5 сәуірден 6 сәуірге қараған түнге түсіп тұр. Ораза айт – 10 сәуір.

Биыл құрбан айттың бірінші күні 17 маусымға келеді.

Мүфтият діни мерекелердің нақты күндері жаңа айдың көрінуіне байланысты көрсетілген уақыттан бір күн шегерілуі немесе алға жылжуы мүмкін екенін ескертті.

Фото: Kazpravda.kz