ТАЛДЫҚОРҒАНДА СӘБИІН САТҚАН ҚАТЫГЕЗ ӘЙЕЛГЕ СОТ ҮКІМІ ОҚЫЛДЫ

Уақыты: 07.08.2021
Оқылды: 990
Бөлім: ҰЛТ ҰЯТЫ

Алматы облыстық полиция департаменті тағы бір қорқынышты қылмысқа сот үкімі оқылғанын хабарлады. Олардың айтуы бойынша, қылмыскер әйел перзентханадан шыққан бойда баласын заңсыз жолмен бөгде адамға беріп жіберген.

Тексеру кезінде азаматша К. бұған дейін де сәбиін өзге адамға сатқаны белгілі болған. Бала саудасының заңсыз екенін білетін әйел сатып алушының атына баласын Қазақстан аумағында және одан тыс жерлерде өз бетімен алып жүруге рұқсат беретін сенімхат жазып берген.

«Жүргізілген тексеру қорытындысы бойынша күдіктіге қатысты Қылмыстық кодекстің 135-бабы бойынша (кәмелетке толмағандарды сату) қылмыстық іс қозғалды. Тергеу барысында күдікті өз кінәсін толық мойындап, жасаған ісіне өкінетінін айтты. Алматы облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі №2 мамандандырылған ауданаралық сотының үкімімен азаматша К. 5 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесілді. Бірақ үкімді орындау мерзімі оның қамқорлығындағы екі баланың соңғысы 14 жасқа келгенше кейінге қалдырылды», - деп жазылған департамент хабарламасында.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"

Сурет ғаламтордан алынды